Главная \ ПУЗ2

ПУЗ

Қазақстан Республикасында Ауруларды басқару бағдарламасы

 

Қазақстанда созылмалы ауруларды емдеуді жақсарту, аурудың асқынуын азайту, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Ауруларды басқару бағдарламасы (бұдан әрі – АББ) енгізілуде. АББ-ға артериялық гипертензия, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және қант диабеті сияқты аурулар кіреді.

Ауруларды басқару бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі созылмалы аурулары бар ақпараттандырылған, белсенді адамның емхана қызметкерлерімен, яғни түрлі мамандықтағы дәрігерлер мен мейіргерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және психологтармен - мультитәртіптік  командамен тиімді түрде өзара әрекеттесуі болып табылады.

Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу:

-         адамның өмір сүру сапасын жақсартуға;

-         аурудың асқынуын азайтуға;

-         жедел медициналық көмек шақырудың санын азайтуға;

-         дәрігерді үйге шақыруды азайтуға;

-         адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Егер пациент өз денсаулығын қолына алып және ауруларды басқара алатын болса, ол өзіне және жақын адамдарына қанағат пен бақыт әкелетін өмір сүреді.

Республикада осы әдісті көпшілікке тарату үшін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Ауруларды басқару бағдарламасына қатысатын пациенттер арасында «АББ ең үздік пациенті» республикалық конкурсын өткізеді.

Үздік пациентті таңдаудың талаптары – оның АББ бақылану ұзақтығы,  ұсыныстарға бейілділігі, нысаналы индикаторларға қол жеткізуі, оның ішінде асқынулардың дамуы, емделуге жатқызу, жедел медициналық көмекті шақыружиілігі.

Бірлесе отырып өзінің жоғары тиімділігі мен нәтижелілігін көрсеткен пациенттер арасында Ауруларды басқару бағдарламасы туралы көбірек ақпарат беруге және белсенді қатысуға қол жеткізуге болады

Программа управления заболеваниями в Республике Казахстан

 

В Казахстане внедряется Программа управления заболеваниями (далее – ПУЗ), нацеленная на улучшение ведения хронических заболеваний, снижение числа осложнений, улучшение качества жизни казахстанцев.В ПУЗ входят: артериальная гипертензия, хроническая сердечная недостаточность и сахарный диабет.

Ключевым компонентом Программы управления заболеваниями является эффективное взаимодействие информированного, активного человека с хроническим заболеванием и специалистов поликлиники, то есть членов мультидисциплинарной команды - врачей разных специальностей и медсестер, социальных работников, специалистов Центров здорового образа жизни и психологов.

Внедрение Программы управления заболеваниями направлено на:

- улучшение качества жизни человека;

- снижение числа обострений и осложнений;

- снижение числа вызовов скорой медицинской помощи;

- уменьшение вызовов врача на дом;

- повышение содидарной ответственности человека за свое здоровье.

Если пациент возьмет в свои руки свое здоровье и сможет управлять заболеванием, он будет жить жизнью, приносящей удовлетворение и счастье ему и его близким.

Для популяризации данного метода в республике Научно-исследовательский институт кардиологии и внутренних болезней при поддержке Министерства здравоохранения Республики Казахстан проводит Республиканский конкурс среди пациентов, участвующих в Программе управления заболеваниями, на звание «Лучший пациент ПУЗ».

Критерии отбора– длительность наблюдения пациента в ПУЗ, его приверженность к рекомендациям, достижение целевых индикаторов, в том числе частота развития осложнений, госпитализаций, вызовов скорой медицинской помощи.

Совместными усилиями можно добиться большей информированности и активного участия в Программе управления заболеваниями среди пациентов, показавшей свою высокую эффективность и результативность.

Вы можете проконсультироваться со специалистами
по телефону: +7 (716) 472 10 01

E-mail:esil_crb@mail.ru