Отправьте заявку и наши специалисты перезвонят Вам в течение пяти минут
Получить консультацию
это поле обязательно для заполнения
Ваше имя*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:*
это поле обязательно для заполнения
Я согласен(на) на обработку моих персональных данных*
Спасибо! Форма отправлена
Главная/Годовой отчет по оказанию гос.услуг за 2022год

Годовой отчет по оказанию гос.услуг за 2022год

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының медициналық ұйымдарының қызметі туралы 2022 жылғы есеп

1. Жалпы ережелер

 

1)  Қызмет көрсетуші туралы мәлімет: "Есіл аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК

2) Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер саны 27, Есіл АА 13 қызмет көрсетеді;

тегін түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны – 214075қызмет;

электронды түрде- 214075 қызмет;

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат.

(941)медициналық ұйымға тіркелу болып табылады, (170485) дәрігердің қабылдауына жазылу; (2776) дәрігерді үйге шақыру; (2005) стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді беру; (816) жедел медициналық көмекті шақыру; (238) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы;(1360) алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту; (26727) көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру; (334) дәрілік заттарды беру, азаматтардың жекелеген санаттарына мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды; (29359).

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс

 

1)  Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат " Есіл АА" ШЖҚ МКК ресми сайтында орналастырылған, көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ұйымның деректер стендінде бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефондары бойынша білуге болады.

2)   Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат:

Жария талқылаулар үшін мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер " Есіл АА " ШЖҚ МКК http://esilrb.kz//ресми сайтында орналастырылады, онда әрбір көрсетілетін қызметті алушы есеппен таныса алады және түсініктемелер қалдыра алады.

3)  Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):

2022 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 12 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде: семинар – кеңестер, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша-6, газеттер мен басқа да басылымдарда-1. Барлығы 16000-нан астам адам қамтылды.   

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2)  Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкерлері ұйым қаражаты есебінен мамандандырылған біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау   

 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат:

2)  2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.

3)  Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері

- медицина қызметкерлерімен қолданыстағы заңнама нормативтері және мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді;

- медициналық ұйымдардың басшыларына қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бақылауды күшейтуге нұсқау берілді. Аталған бұзушылықтарға жол берген бақылау объектілеріне оларды жою және кінәлі адамдардың жауаптылығын қарау жөнінде ұсынымдар енгізілді.

 

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және көрсетілетін қызметті алушылардың сапасына қанағаттануын арттыру.

 

Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2023 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша 2023 жылға арналған бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

- 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

- Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес өткізу;

- Мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг;

- Мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау (пандустар, шақыру тетігі);

- Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түпкілікті шаралар қабылдау;

- Халықтың "электрондық үкімет" порталы арқылы танымал әлеуметтік желілер, мерзімді баспа басылымдары арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы хабардар болуын және уәждемесін күшейтуді қамтамасыз ету.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бүгінгі күні мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің маңызды бағыты болып қала береді: мемлекеттік басқаруды жетілдірудің нысаналы көрсеткіштерінің бірі азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру болып табылады. Яғни, "сервистік мемлекет" моделіне көшу міндеті бекітілген, онда мемлекеттік басқару органдары Азаматтар мен ұйымдардың мүддесі үшін қызмет көрсетеді, ал мемлекеттік басқару сапасын негізгі бағалаудың бірі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасына қанағаттануы болып табылады.

Комментарий
Имя*
Телефон
E-mail*
Комментарий
Записаться на прием
это поле обязательно для заполнения
Телефон:*
это поле обязательно для заполнения
Ваше имя :*
это поле обязательно для заполнения
E-mail:*
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена
Коротко о нас
Наш центр - это самый современный медицинский и диагностический центр, оказывающий широкий спектр медицинских услуг. Для нас важно, чтобы каждый пациент получил высококвалифицированную помощь наших специалистов, а также сервис на уровне европейских стандартов.
Акмолинская область
г. Есиль, ул.Пушкина, 7
Пн-Пт: с 09:00 до 18:00
Сб: с 09:00 до 14:00
Отправьте заявку и наши специалисты перезвонят Вам в течение пяти минут
Получить консультацию
это поле обязательно для заполнения
Ваше имя*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:*
это поле обязательно для заполнения
Я согласен(на) на обработку моих персональных данных*
Спасибо! Форма отправлена